Жаңалықтар 

Тұрғындардан заңсыз қару сатып алынады

ІІМ халыққа өз еркімен тапсырған әрбір автомат үшін 1 мың доллар төлеуге дайын. Өз еркімен тапсырылған әрбір автоматты қаруға 161 мың 800 теңге төленеді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Бұдан бөлек, қарулардың түрлеріне қарай төленетін өтемақының құны әр көлемде. Ал қаруды қабылдау әрбір территориялық ішкі істер органдарында жүргізіледі. Қару жарамды болса, 100%ақысы төленеді, ал басқа жағдайда 50%ақысы төленетін болады.

Министрліктегілер өз еркімен қару тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады дейді. Аталған акция биылғы 1-ақпан мен 31-наурыз аралығында өтеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz