Билет іздеп енді бас қатырмайсыз. Өйткені Шымкент темір жол вокзалында поездарға билет сатып алуға мүмкіндік беретін терминалдар жолаушыларға қызмет көрсете бастады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ осы жылдың қаңтарынан бастап билет сатудың осындай тиімді әдісін іске асыруда.
ТТС, яғни трансакционды қызмет ету терминалдары арқылы жолаушылар екі түрлі жолмен кез-келген бағытқа билет сатып ала аласыз. Ол үшін тек сіздің кез-келген банкте тіркелген төлем карточкаңыз болу керек. Сондай-ақ виза деген көрсетілімі тағы да міндетті.
Бауыржан Маханбетов Алматыдан ғаламтор арқылы билет сатып алып, Шымкентке жолаушылап келген. «Бұл сіз бен бізге өте тиімді. Кезек күтіп сарсылудың қажеті жоқ»,- дейді жолаушы.
Егер де терминалда техникалық ақау болған жағдайда немесе билетті қайтарғыңыз келсе, кассаға келсеңіз, мәселеңіз оңай шешілмек. Терминалмен тек жолаушылар ғана билет сатып ала алады. Сондай-ақ Қазақстан аумағында ғана осындай терминал арқылы теміржол билеттеріне тасырыс бере аласыз.
«Бірақ бұл уақытша мәселе. Келешекте жүк поездарына да, өзге де шет мемлекеттерге билеттерді терминал арқылы алуға қол жеткізуге болады,»-дейді теміржол қызметкерлері.