Жаңа жылдық құттықтау

Нұрхан Тілегенов

Шымкент қаласынағы «Корпорация NB» ЖШС-нің атқарушы директоры Н.С.Тілегеновтың өтіп бара жатқан қоян жылнда жеткен жетістіктері а емес. Соның бірі баллар үйінің тәрбиеленушілеріне жасаған қайырымдылық ісі. Аталған коорпорацияның ұйымдастрылуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді елордамыз Астана қаласына екі күндік сапарға алып барды. Сонымен бірге Республикалық «Алтын жүрек» номинациясына ие болды.

Құрметті Қазақстандықтар, Шымқаламыздың тұрғындары!

Жақсылықтың бастауы жаңа күннен,
Ескі күнге өкінген болмас мүлдем.
Отбасына қазақтың береке мол,
Жаңа жылым өзіңмен сен ала кел.

Ақ тілектей ақ ұлпа аппақ қармен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін, жаңа жоспарлар мен жаңа жетістіктердің бастамасы болатын, баршамыздың асыға күтетін «Ұлу» жылын қарсы алу мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланған 2011 жыл еліміз үшін де, қаламыз үшін де табысты әрі жемісті жыл болды. Қаламызда бірнеше жаңа ғимараттар мен жаңа өндіріс орындары бой көтеріп, халық игілігі үшін қызмет істеуде. Өткен 2011 жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Келер жыл тек баршамыздың отбасымызға амандық, қуаныш, бақыт жылы болып келсін. Келе жатқан жаңа жыл, қашанда жаңа жетістіктерге жетелесін.

Шымқаламыздың гүлденуіне өздеріңізше сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін, Сіздер қашанда қаламыздың сыйлы, сүйікті, қадірлі тұрғындары екендеріңізді ұмытпаңыздар.

Ізгі тілекпен, «Корпорация NB» ЖШС — ның атқарушы директоры Н.С.Тілегенов