Жаңалықтар 

«Жігіттер» квартетінің шығармашылығындағы жаңалық

Өнерсүйер қауымның «Бақытты бол», «Айымсың», «Қиналмаймын», «Жетімдер», «Ағаларым-ай», «Айнам көл» тағысын тағы әндерімен жүректеріне жол таба білген «Жігіттер» квартеті «Кешір жаным» атты әндеріне бейне клип түсірді.

Бейне туындының әнін Қанат Майлыбай жазса, сөзін Серік Сейтман жазған. Жаңа бейне клип Алматы қаласында түсірген. Жақында «Жігіттер» квартеті Астана қаласына барып, ел басымызбен бірге сахнада тұрып ән орындады.

«Бүгінде жігіттердің репертуарларындағы әндерінің саны 100-ден асты. Сәтін салса тағы бір жаңа «Ана» туралы ән жаздырсақ дейміз. Егер ән халықтың көңілінен шықса онда оған бейне клип түсіреміз»,- дейді топтың продюсері Ерғали Әбдіраймов.

«Жігіттер» квартетінің тобындағы Бағлан, Ердос пен Айдардың бір бырдан балалары бар екен. Ал бойдақ тек Мырзахан екен. Ол әлі жас мүмкін әлі ғашығын кездестірмеген шығар, оны толық біле алмадым дейді Ерғали мырза.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz