«Білім берудің инновациялық интеграциясы — Балтық және ТМД елдері мектептеріндегі үштілді оқыту әдісі бәсекеге қабілеттілікті арттырады». Дәл осындай атаумен Шымкенттегі «Бәйтерек» интеллектуалды мектебінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосуға қатысушылар білім беру жүйесінің озық үлгілерін талқылады.
Халықаралық сарапшылар «Бәйтерек» мектебіндегі білім берудің әдістері мен технологиясын зерделеп, қазақстандық ең жас жекеменшік білім ұясына жоғары дәрежедегі конференцияны өткізуді ұйғарған. Басқосуға Қырғызстан мен Ресейден келген инновациялық білім орталықтарының өкілдері және еліміздегі жеке меншік білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Жаңа менеджмент, жаңа технологиялар мен талдаулар. Жаңалықтарды енгізу арқылы білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріс жасау. Баланың санасы жүйрік, дені сау тұлға болып қалыптасуына бағытталған мұндай бетбұрыстарға қоғам дайын ба? Бұл сұрақ педагогтардың күн тәртібінен түскен емес.
» Қоғам мұндай жаңалықтарға дайын деп айта аламыз. баяғыдан ақ білімм саласына тың ізденістер крек. Бұрынғы жүйе тұтас ұжымға арналса, бүгінде жеке тұлғаның қалыптасуын мән беріледі»-дейді Қырғызстаннан келген, «илим» білім орталығының құрылтайшысы Ғайша Ибрагимова.
Конференция қонақтары бәйтеректіктердің жаңашылдыққа деген ұмтылысы мен мектептегі өзгеше жүйеге тәнті болғандықтарын жасырмады.
Владимир Островский, «Элко» білім орталығының директоры: » Ұстаздар қаумының жанарының жарқылы өз жұмысын жанындай жақсы көруін көрсетсе керек. Конференция барысында бәйтеректік мұғалімдердің талпынысын, ізденімпаздыққа деген ұмтылысын байқадым».