4 жастағы Балауса ата-анасын іздестіруде

256
Балаусаның жасы 4, анасының есімі Табиғат

4 жастағы Балаусаның кәмелетке толмаған жастарды бейімдеу орталығына келгеніне ақпанның жиырмасына он күн толды.

Мекеме мамандары қыздың ата-анасын, мекен жайын әлі іздестіруде. Ақпанның оны күні Тәуке хан бойында адасып қалған Балаусаны тәртіп сақшылары кездестіріп, бейімдеу орталығына алып келген болатын. Психолог мамандар қыздың жасы төртте екенін және оның сөздеріне қарап анасының есімі Табиғат, отбасында Әсел, Ұлдана және Әйгүл атты әпкелері бар екенін анықтаған. Алайда, Балауса тұратын мекен-жайын есіне түсіре алмады.

Бүгіннің өзінде бейімдеу орталығында 12 бала жүр. Ал соңғы екі айдың ішінде олардың қатары 312-ге жеткен. Қаңтар айында 6 жастағы Бағдаулетті мекеме мамандары балалар үйіне жіберген еді. Енді Балаусаның да ата-анасы табылмаса, ол да сол жаққа орналастырылады.

Балаусаның отбасын немесе туыстары жайында мәлімет білсе 56—32-40 нөмірі бойынша немесе «Отырар» ТА — 41-02-67 нөміріне хабарласуын сұраймыз.