Шымкентте бейімдеу орталығынан жоғалған қыздарды полиция іздеп тапты

16

Жасөспірімдер Алматыдан табылды. Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтардың 14-і күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Қазір, олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.