«Ақ жол» газетінің араб әліпбиімен кириллицаға аударылған «Ақ жол» кітабының алғашқы 2 томдығының тұсаукесер рәсімі өтті. 1920-26 жылдары жарық көрген газеттегі материалдарды баспаға жинақтаған — саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры, ақын Х. Есенқарақызы. Шара Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.
Ақ жол кітабының 1,2-томдарына газеттің 38 саны жинақталды. Әлі қолда 613 нөмір бар. Алғашқы жинақтарда жанкешті тұлғаларымыздың, Алаш зиялыларының өткір ойлары жазылған. Сарғайған газеттерді жинақтап, кітап етіп шығарудың маңызы өте зор. Бұл ұлттық рухани көсемдеріміздің ойларын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жеткізу.
Ханбибі Есенқараева, ақын: «Санк Петербургпен, Орынбормен, Мәскеу, ӨЗбекстан, Алматының барлық архив, ұлтттық кітапханаларымен жұмыс істедік. Іздестіру барысында Алмас Жансүгіров дегенді көрдім. Осыны іздеу үшін 5-6 ғалымға телефон соқтым. ОЛ кезде Алмас деген болған ба еді деп ,сөйтсек ол Илияс Жансүгіров екен. Мүмкіндігінше мұқият қарадық».
Саяси қуғын сүргін құрбандары мұражайы бұған дейін 1922-1923 жылдары Ташкент қаласында төте араб әрпімен шыққан «Шолпан» журналын кириллицаға көшіріп кітап қалпында оқырманға ұсынған болатын. Бұл үш жылғы еңбектің нәтижесі. Ал «Ақ жол» газетін төте жазудан қазақшаға мұражайдың ғылыми-қызметкері Ғалымбек Елубай транскрипциялаған.
Ғалымбек Елубай: «Ақ жол» газетінен біздің бір байқағанымыз Жансүгіровтің, Мағжанның, тағы басқада Алаш зиялыларының бізге беймәлім көптеген еңбектерін тауып алуға болады. Және Алаш тарихы тұсындағы көптеген ақтаңдақтардың орнын толтыруға болады. Бұл Алаш Тарихының жаңа тұсын ашады деп сенемін.
Қазіргі таңда қолда басылымның 613 саны бар екенн.Ол жинақталса, 30-35 том болып шығады. «Ақжол» газеті 1920-25 жылдар аралығында шыққан. Алайда бұл еңбекті қолған алғандар 26-шы жылдары шығарылған нөмірлерін де тапқан. Әзірге екі том 1000 данадан шығарылды.