Самат пен Назгүл дуэті

Шымкенттік Самат пен Назгүл дуэтінің шығармашылығына биыл 4 жыл толды. Осы уақыт аралығында өнерлі жұптың репертуарлары жаңа әндермен бейнеклиптермен толықты. Қашанда көңілді әндерді көптеп жарыққа шығарып, өнер сүйер қауымды ерекше сезімге бөлеп жүрген дуэттің ән қоржындарында бүгінде 8 бейне клип бар екен.

Жақында дуэт жаңа «Балапаным» атты әндеріне бейне клипті түсіруді бастамақ. Самат пен Назгүл осы өнер жолында жүріп танысып шаңырақ көтерген. Бүгінде 3 ұл қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі.

Самат, әнші: «Мен осы Шымкент қаласынан боламын. Ал Назгүл Сайрам ауданы Өтеміс ауылынан. Алғашында екеуіміз осы «Шымкент шоу» театрында өнер көрсетіп жүріп таныстық. Осылайша таныстығымыздың соңы махаббатқа ұласып отбасын құрдық. Қазір үлкен ұлымыз Естай мектепте оқиды одан кейінгі қызымыз Шапағат балабақшаға барады. Ал ең кенжеміз Ерұлан үйде әжесінің тәрбиесінде..

Қазір дуэт жаңа кішкентай балалар жайындағы әнге бейнеклип түсірмек. Оның өзіндік ерекшілігі де бар. Өйткені, жаңа бейне туындыда үлкен адамдардың орнында кішкентай балғындар ойнайды. Әншілер сәтін салса, күн жылысымен-ақ, жаңа бейнеклиптің түсіріліміне кіріспек. Самат пен Назгүл дуэтінің тыңдарман қауымға жеткізер жаңалықтарының бірі ол жақында алғашқы үн таспаларының жарыққа шығуы. Қазір жаңа үн таспаға атау таңдалуда екен.

Назгүл, әнші: «Бізде той мезгілінде тапсырыстар көбейеді. Репертуарларымыздағы әндердің басым көпшілігінің көңілді болуыныңда өзіндік себебі бар».