Қанат Үмбетов жаңа ән жазды

Қанат Үмбетов

Қанат Үмбетов өнерге жақында ғана қадам басқан жас әншілердің бірі. Ол алғаш рет халық алдына «Сенім шырағы» атты әнімен шыққан болатын. Жаңа бейне туынды Шымкенттегі «Отырар» телеарнасындағы музыкалық бағдарламаларда өнер сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленіп, ән шерулерде алғашқы орындардан көрінген болатын.

Қазір әнші келесі бір әнін жазып бітті. «Ғарыштағы ғашығым» деп аталатын жаңа әннің әні мен сөзін белгілі әнші Тоқтар Серіков жазған. Әншінің айтуынша, бірер күнде жаңа әнге бейнеклип түсірілуі мүмкін екен.

«Осы мақсатта мен Ташкент қаласына жол тартамын. Ал қазір мен қарқынды түрде жаңа бейнеклиптің сюжеттік желісін ойластырудамын»,-дейді әнші Қанат Үмбетов.