Шымкенттік «Жан» дуэті продюсерлік орталық ашпақ

Жан тобы "Арулар" клипімен

Шымкенттік «Жан» дуэтінің өнерде жүргендеріне бірнеше жыл болды. Осы уақыт аралығында аталған топтың 17 әндерімен 5 бейне клиптері жарыққа шықты. Әндері: «Арулар»,»Сыңарым», «Елім ай», «Анашым», «Мерей», «Алуа»,»Сұлу қыздар», «Жылама», «Асылым». «Жан» дуэтінің соңғы жаңалықтарының бірі ол «Жылама» атты әндері болып отыр. Егер жаңа ән халықтың көңілінен шықса, онда оған бейне клип түсіреміз дейді топтың әншісі Ерман.

«Жан» дуэтінің әншілері Ерман мен Жансерік Шаймановтар туған ағайындылар. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Олардың ата аналары мектеп мұғалімдері. Мектеп табалдырығында жүріп ақ, әнге бейімделіп өскен олар өнергеде ерте келді.

Ерман Шайманов қазір қаламыздағы опера және балет театрында қызмет жасайды. Ал інісі Жансерікте осы өнер жолында. Жас әншілер қашанда шығармашылықпен айналысуға уақыт табады. Ең бастысы өнер жолына аса құрметпен қарап, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді. Алдағы күндері аталған топ «Жан» деп аталатын продюсерлік орталық ашпақ ниетте.

Ерман Шайманов (әнші)
Мен әндіріміздің көбісін өзім жазамын. Мұндай қасиетімнің барына шүкіршілік етемін. Өйткені қазір сапалы әнді алу өте қымбат және қиын десекте болады. Біз Жансерік екеуіміз қашанда өз көрермендерімізді таң қалдырудан жалықпаймыз.