Кенжеғұл Дәулетбаевтың жыр жинағы жарыққа шықты

455
жаңа жыр жинақ

Ұстаз, жазушы Кенжеғұл Дәулетбаевтың жыр жинағы жарыққа шықты.

Ақын Кенжеғұл Дәулетбаевтың тұңғыш жыр жинағының тұсауы кесілді. Ол-«Тіршілік жыры» деген атаумен оқырмандарға жол тартты.

Кенжеғұл Дәулетбаев 1940 жылы Түлкібас ауданы, Кезең ауылында туылған. Өмірбойы ұстаздық қызметте болып, білген-түйгенін шәкіртке үйретуден жалықпады. Тек ақындық дарынымен ғана шектелмей, күміс-көмей әнші-композитор, табиғаттың тылсымдарын бейнелеген суретші ретінде халқына танымал.

Әттегенайы көзі тірісінде жыры кітапқа жинақталмай, өмірден ерте озғандығы. Десе де, артында қалған туыс-жекжаттары Кенжеғұлдың өлеңдеріне өмір сыйлады.

Мархабат Байғұт, қаламгер: «Қарапайым ауыл адамы болғандықтан, талантын жасырын ұстады. Мен жазамын деп, Алматығада шапқыламады. Оның өлеңдері аудандық «Шамшырақ» газетінде аптасайын  көптеп басылды. Онда да өлеңдерін маржандай қолтаңбасымен жазып әкелетін, немесе конфертке салып жолы түскен азаматтардан беріп жіберіп тұратын. Талантты ақын еді, біраз топтама өлеңдері «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Бірақ, ешқандай кітабы көзі тірісінде жарытып шықпады. Тұйықтығы соншалық мерейтойларын атап өтуге әуестігі де болмаған. Тек 50 жылдығын Әзімхан Мелдебеков деген аудан әкімі тұсында ғана тойлады. Өте керемет жақсы той, жақсы әдеби кеш болған еді. Ал жарыққа шығып отырған «Тіршілік жыры» кітабы өзінің жиендері Ормановтар әулетінің демеушілігімен және облыстық  жазушылар одағының қолдауымен оқырманға ұсынылып отыр».

 

Ақын Кенжеғұлдың жарыққа шыққан жинағы көпшіліктің қолына тиді, өзіндік қолтаңбасмен. Жыр жинақта ақынның әндеріне сай көркемдігі, көлемі де бар. Ұстаздық етіп қана қоймай, ақындығы мен сазгерлігімен көзге түскен жанның артында өшпес із қалды. Бұл да болса, жанға жұбаныш дейді жиналған жұртшылық.