Түркістандық ұстаз республикалық байқауда топ жарды

71

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңін қорытындылады. Нәтижесінде Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мектеп мұғалімі Нұрила Баймаханова «Жаратылыстану — ғылыми сауаттылық» аталымы бойынша ІІІ орын иегері атанды. Бүгінде ол аудандағы Қ.Мамытов атындағы жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі.

Республикалық байқауда төлебилік ұстаздың «Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталығын анықтау» тақырыбына арналған бейнесабағына қазылар алқасы жоғары баға берген. Сондай-ақ, бейнематериалды оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған құнды педагогикалық идеясы бар үздік сабақ деп бағалаған.
Айта кетсек, аталған байқаудың өңірлік кезеңінен Түркістан облысының 9 педагогы сүрінбей өтіп, республикалық конкурсқа жолдама алған болатын.