Бұзылған жолдың орнына мердігерлер жаңа жол салады

373

Түркістан бағытындағы Бадам қиылысындағы «Батыс  Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысы барысында «Карно» өндірістік кооперативі салған жалғыз жол  бұзылғаны салдарынан диқандар көктемгі дала жұмыстарына кірісе алмай отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Болатбек Әлиевті хабардар еттік.

Болатбек Әлиев, облыс әкімінің орынбасары: «Мен бұл мәселемен өзім айналысамын. Егерде  шын мәнінде мердігерлер шаруалардың жалғыз жолын бұзса, онда олар өз есебінен жаңа жол салып береді. Мен бақылауыма аламын. Автомобиль жолдары комитетінің ОҚО департаментіне мәселені шешу бойынша ұсыныспен шығамын».