Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Абай аудандық әкімдігі Отан үшін сұрапыл соғыста мойымай ерлік көрсеткен ата-әжелерімізге алғашқылардың бірі болып құрмет көрсетті. Оларға ақ дастархан жайып, төрге шығарды.
Сұм соғыс әкелген азапты да азалы күндерді, адамзатты қартайтқан қайғы-қасіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ, Абылай Қазбаев бұл жасалған ерлікті кейінгі ұрпаққа әңгімелеуден жалықпаймын дейді. Ол 1943 жылдың басында 20 жасында соғысқа аттанады. Қаруластарымен бірге мыңдаған шақырымды жаяу бағындыр,аны да есінде. Украйна, Беларус, Балтық елдерінің жерін басып өтті жас сарбаз. Өзі түскен әскери бөлімнің жауға қарсы шыққан алғашқы шайқасыда көз алдында. Соғыстағы ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы ордені және өзге де төсбелгілермен марапатталған.
Бүгін қарт ардагер Жаратқанның Жеңістің 67-ші көктемін көруге жазғанына шүкіршілік етіп отыр. Абай ауданы әкімдігіне қарасты ауданда 109 ҰОС ардагері, 9 ерлері о дүниеге аттанып, із-түссіз кеткендердің жесірлері ғұмыр кешуде. Олардың ешбірі де мейрамда назардан тыс қалмапты. 58 батыр бұл жиынға қатыса алмады. Өйткені, өздігінен жүріп тұра алмайды. Аудандық әкімдік басшылары бұл құрметті көрсету парызымыз дейді. Өйткені әрбірінің әкелері, ағалары соғыста ерлік көрсеткен.
Ән де, би де , ыстық ықыласпен айтылған тілек те осы азаматтарға арналды бүгін. Олардың арманы біреу- өткен күндерді адамзат баласының басына бермесін!