Шымкентте Ұлы Жеңістің 67 жылдығына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Абай саябағындағы Даңқ Мемориалында осы сәттерде сәулет үлгілері тазартылып, аллеяларға түрлі түсті әсем гүлдер отырғызылуда.

Жауапты қызметкерлер сұрапыл соғысқа қатысқан майдангерлердің есімі қашалып жазылған гранитті тақтайшаларды жуып, тазалауға кіріскен. «Аль» компаниясының жұмысшылары майданда төгілген қан түстес алауларды орнатып қойды. Салтанатты кешен қонақтарды қабылдауға дайын.

9-мамыр күні Отанын қорғаған Жеңімпаз батырларға гүл шоқтары қойылып, оларға тағзым етіледі. Шымкентте қазіргі таңда көзі тірі соғыс ардагерлерінің қатары небәрі 325-ті құрайды.