Мектеп бітірдім деп масайрағандар құрықталды

306

Келеңсіз жәйттердің алдын алу мақсатына 25-ші мамыр күні қаламызда арнайы рейд ұйымдастырылды. Ескертудің нәтижесі болар, мектеп бітірдім деп масайрағандардың саны көп болмады.

400 адамнан құрылған арнайы топ ішінде мұғалімдер мен құқық қорғаушылар бар. Жүргізілген рейттік шара барысында ереже бұзған көліктер айып тұрағына жеткізілді. Салтанатты күні ақыға жалданған лимузиндердің жүргізушілері де тисті жазасын алды. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы жолдағы олқылықтардың алдын алумен болса қаланың басты мұғалімі Жанат Тәжиева өз шәкіртерін кафелерден іздеуге шықты.

Оқу жылы біткенімен әлі қиындықтың көкесі алда дейді қаланың бас ұстазы. 11 жыл бойы білім үйреткен ұстаздар соңғы қоңыраудан кейін алғыстың орнына білім берген шәкірттерінің ата-аналарынан жағымсыз әңгіме еститігені қынжыла жеткізді.

Түнгі клубтарды аралау барысында 50 мектептің оқушысы көзге түсті. Бітіруші түлек бұл күні 2 шөлмек сыра ішкенін жасырмады.

Бала отырған клубқа мектеп басшылығы мен ата-анасы шақыртылды. 50-ші мектептің өкілдері арада 5 минут өтпей келді. Ал баланың анасы келуге асықпады.

Оқушының туысқандары жүргізіліп жатқан шараға наразылық білдіріп, іс шараны түсіріп жүрген бейнекамераға тап берді.

Негізінде биылғы шара қағаз жүзінде айтылып қалмай расында іс жүзеге асырылды.