Түнгі клубқа келушілер арасында төбелес болды

81

Тұран АПБ-ның 102 арнасына қаладағы түнгі клубтардың бірінің алдында жаппай төбелес болып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Шақырту орнына шұғыл жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Полицейлер қақтығысты дер кезінде тоқтатты.

Белгілі болғандай, жанжал мекеменің кіреберісінде үш ер адамның өзара ерегісіп қалуынан басталған. Екі тарап та арызданудан бастартты.
Дегенмен, тәртіп сақшылары бұзақылық жайты орын алғанын ескере отырып, аталған деректі ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Төбелеске қатысқандардың барлығына қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.