Бүгін облыстың кеденшілері қан тапсырды. «Өмірге үміт сыйлайық» атты акция аясында сала қызметкерлері таң атқаннан кеш батқанға дейін айтулы шараға ат салысатын болады.

Сыртқы аумақтардағы шекара кеденшілері жергілікті жерлерде қан тапсырса, ішкі кеденшілер қан орталығында акцияға қатысуда.

Айта кетейік, аталмыш салада 700-ден астам қызметкер еңбек етеді. Денсаулығы жақсы азаматтар ерікті шарада өздерінің белсенділіктерін көрсетуде. Түске дейін кеден 100-ге жуық кеденші қан тапсырып үлгерді.