Тойханада еттен ұшынған науқастардың 50-і ауруханадан шықты. Бүгінгі таңда өзгелерінің халі (40 азамат) қалыпты деп мәлімдеп отыр дәрігерлер. Олар ақ халаттылардың бақылауында.
Еске сала кетейік, Қазығұрт ауданындағы тойханада астан 94 адам ұшынған болатын. Санитар дәрігелер еттің дұрыс сақталмауы ұшынуға әкелген деген болатын.
Бүгінгі таңда қауіпті инфекцияны анықтау мақсатында етті мамандар зертханада сараптамадан өткізуде.