«Қазақзергер» тұрғындарға тосын сый жасауын жалғастыруда

421
"Қазақзергердің" бағалы алқалары

"Қазақзергердің" бағалы алқасы

Алтын, күміс, гауһар тас, сапфир, маржан тастар. Дәл осындай асыл тастардың түр-түрін тиімді бағада Шымкент қаласынан табуға «Қазақзергердің» гауһар тасты жүзігі

болатын мүмкіндік туып тұр. Ол үшін Дулати көшесіндегі «Қазақзергер» салонына келсеңіз болғаны. Мұнда 10 күн бойына тек әшекей бұйымдарын ғана емес, үй тұрмысына қажетті бағалы бұйымдар да бар. 71 жылдан бері халыққа жоғарғы сапалы зергерлік бұйымдарды ұсынып жүрген «Қазақзергер» салоны маусымның 7-ші жұлдызынан 16-на дейін дейін зергерлік бұйымдардың көрме-сатылымын ұйымдастыруда. Мұндағы қайталанбас үлгідегі әшекей заттарының бағалары да көңілге қонымды.  «Қазақзергер» осынау іс-шараны Ресейдің Санк-петербург қаласының «Русские самоцветы» компаниясымен бірлесіп өткізуде.

Әрбір бағалы дүниені сатып алған жағдайда сізге 23-маусымда өтетін ұтыс ойынына қатысатын растама қағаз беріледі. Ондағы жеңімпаз «Русские самоцветы» компаниясының алтын алқасына ие болады. Айта кетерлік бір жайт, «Қазақзергерде» туған күн, үйлену тойлары секілді атаулы күндерге сыйлықтар дайын. Ал мұндайды жағымды сыйды әр адам жоғары бағалайды дейді Светлана Хатмуллина. Ерекше сыйды тарту етуге уәде еткен жары екеуі бүгін «Қазақзергерге» келіпті.  

«Қазақзергер» салонында Ресей, Италия, Белоруссияның үздік шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар ұсынылып жатыр. Сондай-ақ, күнделікті өмірін әдемілікпен байланыстырғысы келетін жандар үшін ас үйге қажетті бағалы бұйымдар да бар. 

Светлана Хатмуллина, қала тұрғыны: «Жұбайымның маған тосын сый жасауы жаныма қуаныш сыйлайды. Шынымды айтсам, әшекей-жүзіктердің қайсысын таңдарымды білмей отырмын. Барлығы да шетінен әдемі. Көзім тоймай, қарай бергім келеді. Енді міне, сүйіктімнің сыйын қуана қабыл алмақпын. Ол маған гауһар тасты жүзікті сыйға тартты». 

Эльмира Бегманова, Шымкент қаласындағы «Қазақзергер» салонының директоры: «Мұндай әр алуан, сәнді әшекейлерді сатып алуға арналған жеңілдіктерді біздің басшылық жыл сайын ұсынады. Тек тұтынушылар тиімді пайдалана алса болғаны.  Сондай-ақ, тұтынушыларға бір қолданыстағы 10 пайыздық дисконтты карта беріп жатырмыз. Бұл карталар арқылы қала тұрғындар кез келген уақытта тиімді бағада сапалы дүниелерді сатып алуына болады».