Шымкентте 30-жастағы ер  азамат өзін және отбасын өртеп жіберді.

ТЖМ-нің мәліметіне сәйкес,  16-маусым күні кешкі сағат 20:33-те Шымкент қаласында 1982 жылы туған Е.Құдайбергенов деген азамат отбасылық жанжалдың салдарынан пәтерде өзін және отбасы мүшелерін бензинмен өртеп жіберген. Өрт аумағы 16 шаршы метрді құрады.

Күйік шалған 1964 жылы туған, 1984 жылы туған азаматшалармен, 1982 жылы туған жігіттің өзі және 2005 жылы туған бала Е. Мықтыбай ауруханаға жатқызылды.

Өрт 20 сағат 51 минутта ауыздықталып, 21:11-де сөндірілген.