Úı ANONS Шымкентте қойманың шатырынан шыққан өрттен 40 жастағы ер адам күйіп қалды

Шымкентте қойманың шатырынан шыққан өрттен 40 жастағы ер адам күйіп қалды

Шымкентте 21 мамырда Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойынша сағат 15:28-де, жалпы ауданы 2400 ш.м. құрайтын бір қабатты қоймада 280 ш. м. алаңда шатырдың жануы орын алды.

Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де сөндірілді. Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы 6% күйік шалған. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.