906 млн. теңгені жымқырды деп айып тағылуда

Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасы Ө.Өзбеков пен оның орынбасарлары Б.Нақыпбеков және А.Жампейісов, сонымен қатар ведомствоның басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты істің материалдары жолданды.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған лауазымды қызметкерлер бюджеттен топографиялық-геодезикалық және картографиялық өнімге, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Теңіз картасын құруға бөлінген 906 млн.теңгені ұрлады деп айыпталуда.

Қазір бюджет қаражатын жымқарған деген айып тағылған Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасы Ө.Өзбековке, оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс өндіріске алынған. Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасы Ө.Өзбеков пен оның орынбасарлары Б.Нақыпбеков және А.Жампейісов, сонымен қатар ведомствоның басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты істің материалдары жолданды.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған лауазымды қызметкерлер бюджеттен топографиялық-геодезикалық және картографиялық өнімге, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Теңіз картасын құруға бөлінген 906 млн.теңгені ұрлады деп айыпталуда. Қазір бюджет қаражатын жымқарған деген айып тағылған Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасы Ө.Өзбековке, оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс өндіріске алынған.