«Мұнай сақтандыру компаниясы» Қазақстанның көлік жүргізушілеріне арнап республика бойынша кең көлемді акция ұйымдастырды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 130 мыңға тарта азамат қатысқан. Мұндай сыйлықтар ұтысын аталмыш компаняи осымен екінші рет ұйымдастырып отыр.
«Мұнай сақтандыру компаниясы» өз клиенттерін сапалы сақтандыру қызметімен бірге осындай жағымды ұтыстарымен де қуантып келеді. Бұл жолғы бағалы сыйлықтардың арасында үй кинотеатрлары, бейнекамералармен қатар теңізге демалуға жолдама да бар. Жолы болып, ұтысқа ие болғандардың жүздері жарқын, көңілдері тоқ. Солардың бірі Қазығұрттан келген Пернетай Аманбаев екі жыл бұрын осы компанияда көлігін сақтандырыпты. Бүгінде сол таңдауына өкінбейді.
Ұйымдастырылған акцияға 130 мыңнан астам адам қатысқан. Ұтысқа ие болғандардың 23-і біздің жерлестеріміз. Олардың арасында 5 жылдан астам уақыттан бері мекеменің тұрақты клиенттері болып жүргендер де, кеше ғана бірінші рет сақтандыру қызметін пайдаланғандар да бар.
Мұнай сақтандыру компаниясы отандық салада 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еліміздегі үздік 5 сақтандыру мекемесінің қатарында. Компания ұсынған қызметтің аясы кең. Бүгінде сіз пәтеріңізді 4000 теңгеден, ал көлігіңізді 1500 теңгеден бастап сақтандыра аласыз.