Майя Манеза Олимпиаданың рекордын жаңартып, алтын медальға ие болды

Майя Манеза - Олимпиада жеңімпазы!
Майя Манеза — Олимпиада жеңімпазы!

Лондонда тағы да қазақ елінің Әнұраны шырқалып, Көк Туымыз  желбіреді. Алтын медальға  басты үміткерлердің бірі саналған Майя Манеза ауыр атлетика бойынша Зульфия Чиншанлодан кейін екінші алтынды жеңіп алды. 63 келі салмақтағы спортшымыздың бағы жанып, төрткүүл әлемнің мықтыларын басып озды. Осылайша, жалпы есептегі үшінші алтынды Қазақстанның  еншісіне алып берді.

Майя 245 келі зілтемірді бағындыра отырып, Олимпиада рекордын жаңартты. Ия, Қазақстанның Әнұранын қосыла шырқаған жанкүйерлер де дән риза. Ал қуаныштан көз жасына ерік берген Майя үшін бұл сәт ұмытылмастай еді. Оның есімі енді қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылатын болады. Қазағымыздың абыройы артып, мерейі тасыған бұл күн ұзағынан сүйіндірсін! Алтынымыздың саны көбейе берсін!