Шымкентте ауыр атлетика спорт мектебінің ғимаратынан өрт шықты

142

19 қараша күні таңғы сағат 07:54-те «101» өрт сөндіру бөліміне Ерімбетова көшесі, 28-үйде орналасқан үш қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт спорт нысанының үшінші қабаты мен шатырын шарпыған. Жалын шамамен 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ақпаратты «OTYRAR» телеарнасының «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілері нақтылап жатыр. Толық мәліметтермен хабардар ететін боламыз.