Шымкентке «Формула 1» жарысына қатысып жүрген спорттық көлік әкелінді. Жарыс автокөлігі турне аясында әлемнің елдерінде саяхаттап жүр. Бұған дейін темір тұлпар Кувейтте, Куала-Лумпур, Әбу-Даби, Ливан және Мысырда болып үлгерді.
Құны 3,5 миллион долларлық Марусяда 600 аттың күші бар. Темір тұлпар Шымкентке бірнеше күн бұрын әкелінді. Ағылшындар шығарған Marussya әлемнің түрлі елдерінде саяхаттауда. Ұйымдастырушылар бұл көліктің өткен жылы ірі жарыстарға қатысқанын да мақтанышпен айтады. Жерлестерімізге қымбат көлікке отыруға рұхсат берілмеді. Бірақ суретке тусуге болады.
Павел Тихонюк, қала тұрғыны: » Мынадай көлікті алғаш рет көруім. Тек теледидардан, «Формула-1″ жарысынан ғана көретінбіз. Енді суретке түсемін».
Шымкенттіктерге жарыс көлігін жақынырақ көру мүмкіндігін Qnet компаниясы ұсынды. Меркетингтер желісі бойынша Qnet и Marussia компаниялары көп жылдан бері әріптес. Qnet Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт ішінде өзінің сапалы қызметі арқылы көпшіліктің сеніміне ие болған. Сондай-ақ, компания ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым қол ұшын созып келеді.
Назар Хусайнов, «Qnet» компаниясының тәуелсіз өкілі. «Компания крикет, гольф, футбол ойындарына әрқашан демеушілік етіп келеді. Компанияның басты ұстанымы — адамгершілік жасау. Қайырымдылық».
Қазақстандық нарыққа келгеніне 3 жыл болған компания электрондық коммерция сапасын жаңа деңгейлі қызметке жеткізбек. Енді Qnet алдағы уақытта жаңа клиенттердің көңілінен шығуды жоспарлап отыр.