6-шілде күні Астананың 14 жылдық торқалы тойын өңір тұрғындары Шымкентте тойлады. «Тәуелсіз ел – тірегіміз, Астана – жүрегіміз» тақырыбы аясында өрбіген мерекелік шара Оңтүстік жұлдыздарының қатысуымен өтті. Бұл күні Оңтүстік тұрғындары қаламыздағы әл-Фараби алаңында бас қосып, Астананың туған күнін тойлады. Мәре-сәре болған көпшілік бас қалаға ақ тілектерін жеткізді. Алаңдағы арнайы кешке Оңтүстік тұрғындары көп жиналды.
Ақмарал Бекболқызы, қала тұрғыны: «Шынымды айтсам, мұндай үлкен мерекелік кеш өтеді деп күткен жоқпын. Үйім жақын болған соң, әннің даусы жарқын-жарқын шықты. Қазір өте қуанып отырмын. Әсем ән тыңдап, бәйтеректің суреті салынған сахнадан көз ала алмай таң қалудамын. Сахнанаң өзі керемет безендірілген. Менің тілейтінім, бзідің Шымқаламаз да Астана секілді гүлденіп, көркейе берсін. Астана мәңгі жасай берсін».
Нұрсұлтан Серіков, қала тұрғыны: «Бүгін достарммен меркеге жиналып отырмыз. Мен1991 жылы дүниеге келгенмін. Есімімді атам Нұрсұлтан Әбішұлы секілді үлкен адам болсын деп қойған екен. Сондықтан, «адам атын алып жүру оңай емес адамға» демекші, есмімізіге кір келтірмеу үшін тырысып бағамын әрдайым. Ал бүгін осы Астана – арман қаланың 14-ші тойын тойлап жатырмыз. Халық әндері де әуелеп, қазақ халқының мерейін үстем етті. Біз де лаңда би билеп, қуанышымызды жасыра алмай, қосыла ән шырқаудамыз. Себебі, Астана расында да – біздің жүрегіміз!»
Ауқымы кең шараның ажарын ашқан өңір өнерпаздары аянып қалмады. Көпшілік алдында көңілді әндер шырқады. Халық әндерін де нақышына келтіре орындаған әншілерге жиналған көпшілік тәнті болды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған өнер иелері думанды кештің ерекшелігіне тоқталды.
Мақсат Айтжанов, әнші: «Ия, Астананың 10 жылдың мерейтойы да дүркіреп өткен болатын. Міне, 14 жылдық тойы да кең көлемде, халықтың қошеметімен өтуде. Бұл да болса, еліміздің даму деңгейін таразыласа керек. Сондай-ақ, қарап отырсам, санаулы ғана 4 жылдың ішінде қаншама белестерді бағындырыпты еліміз. Бұл аз десеңіз, бүгінгі тойдың өзі – өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған. Астананың айшықты орнын көрсетуді көксегені белгілі мемлекетіміздің. Сондықтан, еліміздің дамып, өркендеп келе жатқанын Астананың гүлденуінен байқаумызға болады. Мәселен, бүгінгі Шымқалада өтіп отырған тойға халықтың өзі таң қалуда. Әрине, Астана күніның осылай тойлануы заңды».
Астана күні осылайша тойланды Шымқалада. Айта өтейік, «Астана – жүрегіміз» атты шараға 700 мыңға жуық қаражат жұмсалыпты. Сондай-ақ меркелік от шашу маңызы мол кештің мәртебесін көтерді. Оңтүстік тұрғындары аңтарыла қараған от шашу аспаннан жауған нұрдай болып, біразға дейін көкке көтеріліп көркін кіргізді мерекенің.
Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Бұл мереке – Қазақстанның атаулы мерекесі. Сондықтан, халық болып, ел болып тойлауымыз маңызды. Мәселен, бүгін біз алаңға халықты шақырған жоқпыз. Олардың өздері жиналды. Бұл дегенің – елдің Астанаға деген құрметін көрсетсе керек. Бұл жағдайды көргенде қуанғанымнан аузыма сөз түспеді. Оңтүстік халқы әрдайым ақылмен, байыппен қарайды ғой не нәрсеге болса да. Сол себепті, халықтың бүгінгі көңіл күйі мен ілтипаты – Астанынң мерейін марқайтары анық. Айта кететін маңызды жәйт, бұл Астананың 14-ші туған күні Астана даңғылының пайда болуымен маңзы арта түсті. Сондықтан, келесі 15-ші туған күні бұдан да ерекше өтетініне сенім мол».