Шымкентте кешенді тест тапсыру басталды

671

Шымкентте бүгін колледж бен өткен жылы мектепті тәмәмдаған түлектер кешенді тест тапсыруды бастады. Биыл облыста 9 мың талапкер емтиханға қатысуға ниеттенген. Әрбір аудиторияда ұялы байланысты өшіретін қондырғы, бейнекамера орнатылған.

Тест сұрақтарына жауап беруге 2 жарым сағат берілген. Білім гранттарын жеңіп алып немесе ЖОО-да білім алу конкурсқа қатысу үшін талапкер 50-ден кем бал алмауы тиіс.

Апилляциялық комиссия емтиханнан кейін келесі күні өтініштерді қабылдайды. Білім гранттарының иегерлерін конкурс нәтижесі анықтайтын болады.