Жерлестеріміз дельфилік ойындардың жүлдегері атанды

400
Жерлестеріміз жеңіспен оралып, баспасөз-мәслихатын өткізді

Жерлестеріміз жеңіспен оралды. Көкшетау қаласындағы Қазақстанның VIII ұлттық Дельфийлік ойындарына қатысқан өңір өнерпаздары жүлделі орындарды иеленіп, бүгінде “жастар орталығы” мемлекеттік коммуналдык мекемесінде баспасөз мәслихатын өткізді. Байқауда ақтық мәреге сүрінбей жеткен өнер иелері облыс намысын қорғауда да белсенділік танытыпты.

IX  Дельфилік ойындарда бақ сынағысы келетін үміткерлер мынадай телефонға хабарласуларына болады. Жөн-жоралғының барлығын тусініп, алдын ала дайындалуға мүмкіндігіңіз бар.  30-01-72, 39-07-51. Дайындықты бүгіннен бастаңыз!

Қасымхан Тәңірберген, байқаудың дипломанты: “Әрине, байқау қиын әрі қызық өтті. Дайындығымның арқасында ақтық сында бақ сынадым. Дипломанты атандым. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Жылдар бойы осы байқауға дайындалып, ақтық сында өнер көрсетудің өзі менің өнеріме қанат бітірді. Сондықтан, бұл Дельфийлік ойындар өнерлі жастарға шабыт сыйлайды. Сонымен қоса, мерейін үстем етеді”.

Сымбат Қайырбекова, байқаудың 2-орын иегері: “Ия, расында да байқау өте тартысты өтті. Олай болмай ше?! 500-ге тарта үміткер атсалысып, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” болып танылғандар ғана ақтық сынға жолдама ала алды. Бұл аз десеңіз, байқау шарттарын орындау да оңай болмады. Бастысы мен өзімнің өнеріме сендім, Қыл Қобыздың құдіретіне сендім. Қазақтың қасиетті күйлерін орындап, жүлделі орыннан көріндім”.

Бүгінгі таңда дельфийлік ойындар – өнер әлеміндегі сан-алуан бағыттарды біріктіретін дүниежүзіндегі жалғыз сайыс. Бұл жолы да республикамыздағы дарынды әрі қабілетті 500-ге жуық үміткердің басын қосты. Арнайы конкурстың шарты бойынша қатысушылардың жасы 10-25 жас аралығын құрады. Айта өтейік, не «Дельфий» гректің көне тілінен аударғанда “сыры терең” немесе “сырлы” деген мағынаны білдіреді екен. Грецияда бұл ойынды Аполлон батырдың атымен бай­ланыстырады. Дельфий – Аполлон батыр жеңіске жеткен қасиетті жер.

Нұртуған Қосаманов байқаудың әділ өткенін айтады

Нұртуған Қосаманов, байқау дипломанты: «Мен кішкентай кезімнен домбыраға құмартып, домбыраны сүйіп өстім. Бүгінде осы домбыраның арқасында көптеген биіктерді бағындырып жүрмін. Күні бүгінге дейін қаншама байқауларға қатыстым. Десе де дәл осы Дельфийлік қызық әрі керемет байқауға қатысқан жоқ едім. Сондықтан бұл ойындарға қатысқаныма еш өкінбеймін. Жасыратыны жоқ, жүлделі орын алмасам да байқау өте әділ өтті деп айта аламын».

Байқаудың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы қоржынында 25 күміс медаль, 4 диплом бар. Тартысты байқауда өнерлері жанып, 2-орыннан көрінген жеңімпаздар: Халы аспаптарық Қобыз наминациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінің студенті – Қайырбекова Сымбат Жанәділқызы иеленсе, Бейнелеу өнері аталымы бойынша Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студенті – Қыдырбаев Сұлтан Жұмабекұлы иеленді. Ал ақтық бәсекеге жолдама алып, 4-орыннан көрінгендер:

Эстрадалық ән салу номинациясы бойынша – Тәңірберген ҚасымханДельфилік ойындардың жүлдегері атанды

Скрипка номинациясы бойынша – Жұмадұлла Гүлжайнар

Баян, аккордеон номинациясы бойынша – Тамара Байспаева

Халық биі наминациясы бойынша – “Салтанат” би тобы

Домбыра номинациясы бойынша – Нұртуған Қосаманов