Қырғыз сатушысы дәрігерлер бақылауында

279
Алтынайдың денесінің 45 пайызы күйіп қалған

Бүгін таңертең «Бекжан» базарындағы өрттің салдарынан денесінің 45 пайызы күйіп қалған қырғыз азаматшасы босанды деген ақпар тараған болатын. Біздің түсіру тобымыз бұл мәліметтің жалған екенін анықтады. Алтынай Саматова есімді азаматша өрттен кейін ауруханаға жеткізілген болатын. Бастапқыда халі ауыр болатын, ал қазір бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Жүктілігіне байланысты акушер-геникологтың да бақылауында жатыр. Бүгін базардағы өрттен зиян шеккендерге көмек беру үшін құрылған қордың басшылығы Алтынайға көмек ретінде 100 мың теңге әкеліп берді.

Алтынай Саматова: «Жағдайым бұрынғыға қарағанда жөнделіп қалды. Қазан айында сәбилі боламын деп күтіп отырмын. Оған дейін жазылып қалсам екен».