«Бекжан» базары маңындағы жол айырық ашылды

582

Бұл жол айырықтың ашылуын облыс тұрғындары көп күтті. Жаңалықты жатырқамайтындар бір жыл бойы жүргізілген құрылысқа да түсіністікпен қарады. Нәтижесінде заманауи жол айырық пайда болып, көпір астында алты жолақ, үстінде тағы алты жолақ салынды.

Мердігерлер жаяу жүргінші жолын да ұмыт қалдырмапты. Ұзындығы 700 метр жол айырығы уақытша болса да ашылып, көліктердің доңғалағы су жаңа асфальт жолда арлы берлі зымырап жатыр.

«Бекжан» базары маңындағы бұл алғашқы өткелдің құрылысы екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңіндегі жұмысты мердігерлер толығымен қыркүйекте қолданысқа тапсырады. Ал екінші кезеңін жүргізу үшін 800 млн. теңге қаралып, мемлекетік сатып алу конкурсы өткізіледі екен.

Қала әкімдігінің жоспарында Шымкент қаласында және 5 жол айрығын салу жоспары бар. Бұл жұмыстар 2025 жылға дейін іске асуы тиіс. Ал биылға жоспарланған 101 көшеде орташа жөндеу жұмысын жүргізу 60 пайызға аяқталыпты.

Нұрлан Күдерұлы