Шымкентте «Бекжан» базарынан өрт шықты

435

Бүгін сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

 

Еске сала кетсек, осыдан сегіз жыл бұрын яғни, 2012 жылғы 8 тамызда «Бекжан» базары өртенген еді.