Оңтүстік Қазақстан облысында 4,3 магнитудалы жер дүмпуі болды, деп BNews хабарлайды Еуропалық сейсмология орталығы.
«Бүгін 22 тамызда Ташкенттің батысына қарай 113 шақырым, Шардарадан солтүстік — батысқа қарай 7 шақырым жерде магнитудасы 4,3 жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы бір шақырым тереңдікте болған», деп жазылған хабарламада.