40 жылдан бері өнер айдынында жүзіп, тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі ҚҰрман Шойынбаев кезекті рет көрермендерімен жүздесті.
Бұл жолғы шығармашылық кешін әнші Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арнапты. Халықтар Достығы үйіне жиналған тыңдарман қауым өнер иесінің құлаққа жағымды үнін және қазақтың халық әндерін сағынып қалғаны байқалады. Олар өнер майталманына ерекше қолдау танытып, шапалақтарын аямады.
Сахна иесі Ш.Қалдаяқовтың көптеген әндерін орындаса, оның шәкірттері де құр қол келмепті. Әртістің өнердегі әріпттестері де әннен шашу шашып, ақ тілектерін жолдады.
Қос қуаныш. Құрман Шойынбаевтың бұл кеште есеп беру кеші ғана емес екен. Өйткені екі бала мен бір қыздың әкесі мен немерелерінің атасы биыл алпысты алқымдапты. Ал жыл сайын шығармашылық концертін өткізетін Құрман аға бұл жолы да тек тірі дауыста ән орындады. Ал біз оның әндерін ұйып тыңдап, тек денсаулық тіледік!