Біржан мен Аспанбектің ақтық мәредегі жыр-айтысы

713
Біржан Байтуов пен Аспанбек Шұғатаевтың ақытық мәредегі айтысы
Біржан Байтуов пен Аспанбек Шұғатаевтың ақытық мәредегі айтысы

Оңтүстік өңірінің 80 жылдық торқалы тойы қарсаңында Шымкент қаласында республикалық ақындар айтысы өтті. «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» тақырыбы аясында өрбіген жыр бәсекесінің ақтық мәресінде 4 жұп ақын айтысты. Ал 3-кезеңде Оңтүстіктің ақыны Біржан Байтуов пен павлодардың жас ақыны Аспанбек Шұғатаев кездесті. 1-орынды сарапқа салған суырып салма ақындар қылыштан өткір өлеңдерін ортаға салды. Нәтижесінде, Біржан Батуовтың ұпай саны басым түскені белгілі. Алайда, ел арасында «қазылар алқасының шешімі дұрыс немесе бұрыс болды» деген алып-қашпа әңгімелердің тарап жатқаны тағы бар. Ендеше, 2 ақынның сөз саптаулары мен ұтымды жыр жолдарын Сіз де таразылап көріңіз!

Ау, таңдайда әнім қайда бал құрақтай,

Соғайын сөз сойымын салдыратпай.

Халықтың жырға көзін қыздырайын,

Қақпасы құлыптаулы сәнді бақтай.

Ой бұлағын құйайын жыр айдынға,

Сылқ-сылқ күліп ағатын бал-бұлақтай.

Көрмеңе де барармыз жеке дара,

Намыс туын ұстасақ сәл құлатпай.

Ат шаптырып алдыңа тағы келдік,

Ауыздығын шайнаған арғымақтай.

Аспанбек көп саласың ойбайды көп,

Қайтесің салып босқа айғайды көп.

Жаңа саған Бекарыс жөн айтты ғой,

Жеңілген жан күреске тоймайд деп.

Кеше Аспан менен де жеңіліп ең,

Ел отыр сені жырын жалғайды деп.

Бүгін тағы шығыпсың Біржанменен,

Шымкент күйеулерін қолдайды деп.

Күйеулерін Оңтүстік қолдағанмен,

Өзінің баласын да қорғайды көп.

Қайтесің қайынжұртпен жағаласып,

Олай етсең ойды мың қорлайды көп.

Біздің қазақ тектен-тек айтпаған-ау,

Күйеу деген ел болып оңдайды деп.

Аспанбек Шұғатаев:

Ақын деген сөзіне абай болар,

Ал Біржан ақиқатқа маңайлап ал.

Дейсің бе күйеу деген оңбайтын ел болады деп,

Біржан-ау осы сөзің қалай болар?!

Қайын жұрттың шапалағы қандай болса,

Күйеудің де көңілі солай болар.

Бұл елде менмін деген патшалар көп,

Сондықтан көрінбейік ақсаған боп.

Шымкенттің төріне қайта келдім,

Бұл мәңгі қазақтыққа астанам деп.

Кешегі Шәмшілердей бабалары,

Тарихқа алтын ісін тастаған деп.

Әнші болсын, биші де ақын болсын,

шыменттен шығып жатыр қасқалар көп.

Шымкенттің болмаса қазақтары,

Қазақстан рухани аш қалар ма ед.

Құрсақтан шыққан дарының көп болмаса,

Қазақтың сахнасы бос қалар ма ед?!

Жалғаннын жылап қайтқан жылап келіп,

Жақсылар жатқан шығар жұмаққа еніп.

Қай күні кетерімді кім біледі,

Ай нұры аспанымның құлап, сөніп.

Бір сәлем қасымдағы Байтуовқа,

Құлагердей құлдилар құрақ керіп.

Өмірде өлең үшін өрілгесін,

Көңілге мұз боп қатқан бұлақ берік.

Бауырына келгенде Баянтаудың,

Ауылыңа қайтарып ек бір ат беріп.

Дүние кезегімен деген құсап,

Сыйымды отқан жоқпын сұрап келіп.

Көңілің көлігіңнен қымбат маған,

Қошеметіңмен отсаң қуат беріп.

Ал Біржан ауызыңа келгеніңді айт,

Тағдырдан талабыңды сынап көріп.

Бір ауыз келесіңде сөзің қалса,

Той жасауға болады шұбат беріп.

Әйтпесе бұл өмірде жандар аз ба,

Бастарынан жататын құлап бөрік.

Кіндіктен нүкте болып тамғанымен,

Тірліктен қайта-қайта сұрақ болып.

Біржан Байтуов:

Ау жанымдағы Аспандай ер болады,

Күйеуге қолдау берген ел жаңағы.

Қайын жұрттан шапалақ сұрап отсың,

Олай етсең несібең кем болады.

Кәрима апаң айтқандай сұрап алған,

Шапалақ жұдырықпен тең болады.

Балаң ем ақиқатты жырлайтұғын,

Шындықты жалған былай бұрмайтұғын.

Олы рас Керекуден тұлпар мінгем,

Оны осында ел отыр тыңдайтұғын.

Әй біздің жомарт мінез қазақтар-ай,

Әр сөзін әр кездерде шыңдайтұғын.

Тұлпарды мінгізуін мінгізіп ап,

Содан кейін артынан бұлдайтұғын.

Ағайын Аспанбектің тілегін бер,

Жарқыраған осынау жүрегін көр.

Төрінен кеп жатқасын Керекуден,

Аспандай ұлының да тілегін бер.

Еліне жырын айтқан ұлы еді ғой,

Ұл балаңның жалынды білегін көр.

Астына тұлпар мінгізбесеңдер де,

Үстіне шапан жауып жіберіңдер.

Ау Оңтүстік жамандарды шақырмас тек,

Жинады алты алаштан ақынды екшеп.

Соның бірі Аспанбек қыз алам деп,

Кешеден биіктерді жатыр көксеп.

Расында бізге күйеу болғың келсе,

Мен саған ақыл айтам ақын дос деп.

Жетісайдан қыз алған сен әуелі,

Айбекқали ағаңмен ақылдас көп.

Сол қазір тазбас күеу атанып жүр,

Патшаға айтқаны көп атын екшеп.

Сол құсап сенде Аспанбек 5 жылдан соң,

Қайынжұртым тізесін батырмас деп,

Жалбыраған шашыңнан бір тал қалмай,

шымкентке келіп тұрма тақыр бас боп.

Ау қастерлі Оңтүстіктің атырабы,

Төріне тектілерді шақырады.

Аспанбек Керекуден келеді деп,

Қадамыңды сенің жұрт бақылады.

Қандайыңнан қандай жыр шығады деп,

Маңдайыңның алдында ел отыр әні.

Сондықтан болмашыны сөз етпестен,

Халыққа жыр айта біл бәтуалы.

Әйтпесе бәдік өлең арнасын деп,

Біздерге берген жоқ қой сахнаны.

Қанжардың екі жүзі болғанындай,

Әр нәрсенің болады екі жағы,

Бүгін менің бағыма ал өзіңнің,

Сорыңа таяу кепсің жақын әлі.

Әй күйеу өлген жерің осы шығар,

Жырыңның торқа болсын топырағы.

Сыбағасын берейін бұл Аспанның,

Бұл балаң жекпе-жекке шақырады.

Жүрсіннің әб жыланы бола қапсың,

Құдайым қылсын оның бетін әрі.

Қаратаудың ақиық қыранына ,

Керекудің жыланы не тұрады.

Аспанбек Шұғатаев:

Басқалай өлең айттың балқып емес,

Сөзіме ете қоймас халқым егес.

Тақырбас боп бұл жаққа келесің деп,

Сен маған айтып жатсың жалпы кеңес.

Өлеңімді өрермін алдарыңда,

Менің сөзім қалайша тарту емес.

Шашым түгіл Шымкент халқым үшін,

Басымды берсем дағы артық емес.

Біржан-ау сен де айтысқа көріксің ғой,

Қырандай оң мен солды шолыпсың ғой.

Мен бүгін келемін деп сөз бастаған,

Осылай өлеңіңді өріпсің ғой.

Жаңа ғана айтыстың Балғынбекпен,

Оныңды барша қазақ көріпсің ғой.

Оған да сөйлеп едің кеуде керіп,

Осылай өлеңіңді төгіпсің ғой.

Беліңнен бесік тамыр кетпесе де,

Беделіңді бұлдайтын болыпсң ғой.

Шымкент шыңға біткен шынарсыңдар,

Ақынға өлең дейтін тұмарсыңдар.

Мен жеңем деп бұл жерде сөз бастаған,

Бұл Біржанның ойларын ұғарсыңдар.

Қонақ қой деп бір атты мінгізіп ек,

Несіне бұққан сайын сұғасыңдар.

Ол қазақтың дәстүрі емес пе еді,

Рас болса бір шапалақ ұрарсыңдар.

Мен сені сал Біржанға теңеп едім,

Біржандай болсаң елге ұнарсыңдар.

Жаяу Мұса бабаңның бір ұрпағын,

Жаяу қайтармайтын шығарсыңдар.

Біржан Байтуов:

Ау ағайын тарих – сендер, көне – сендер,

Бізді де қошеметпен демесеңдер.

Қонақпыз деп бұлданып болмадың ғой,

бізге өкпе айтқышсыңдар неге сендер.

Қонақ деген қойдан жуас болу керек,

Бұл сөздің де астарын елесеңдер,

Төрімізге шығарып сыйлап тұрмыз,

Төбемізге шығарғын демесеңдер.

Жырлаудан ақиқатты жақ талмайды,

Намысым ел алдында тапталмайлды.

Жеңемін деп желпініп сөйледің деп,

аспанбек әр деңені ақпарлайды.

Олы рас жеңемін деп келіп тұрмын,

Ендеше неге менен сақтанбайды,

Қазақтың біз секілді намысты ұлы,

Жорыққа жеңілем деп аттанбайды.

Далаға жатпаса да бүршік шығып,

Екеумізді шығарды бір жұп қылып.

Қазылардың мұнысына мың рахмет,

Негізінді екі айтысу бұл күштілік.

Күйеу болам деп отқан бұл балаңыз,

Қайта-қайта танытуда қырсық қылық.

Шашынан Аспанбектің ұстап алып,

Алдыңда иірейін ұршық қылып.

Ертістен келіп отқан бұл балаңды,

Арысқа бір алайын тұншықтырып.

Аспанбек Шұғатаев:

Мен сені деп ойлап ем ұлық ақын,

Жалақор екенсің ғой ұрынатын.

Мен әсте өзім үшін жауап берем,

Қазақстанда болса да қырық ақын.

Шымкентті қай жерде жамандап ем,

Бұлай оза қоймайды бүгін атың,

Жігіт болсаң кәнекей дәлелдегін,

Жан болсаң сөз астарын ұғынатын.

Жала жабу Исламда ауыр күнә,

Бәлеқор деп айтады бұның атын.

Біржан-ау басқалардан не пайда бар,

Мінезі минут сайын құбылатын.

Сенің өзің осылай сөйлеп отсаң,

Бес уақыт намазға жығылатын.

Бұл Біржан ел мен жердің досы емес пе?!,

Ел деген ер жігіттің көші емес пе?!

Олы рас жүлде аламын деп қоясың,

Шыққан жігіт едің-ау кеше егеске.

Шымкенттің елімен жолықтық қой,

Демеймін мұның бәрі бос емес пе.

Халықтың шапалағынан нәр алдық қой,

Айтыстың бас жүлдесі осы емес пе?!

Біржан Байтуов:

Ай күйеу қайда қаштың отыр бері,

Бұл өзі батыр ма еді, ақын ба еді.

Жігіт болсаң шыдап бақ соңға дейін,

Шайтаныңды қағайын шақыр бері.

Аспанбек ел алдында ағыласың,

Бойыңа жырдан жақұт тағынасың.

Біраз жайды айттың ғой бетін ашып,

Бұл Біржаг намысыңды жанығасын.

Қайта-қайта шапалақты қоймай қойдың,

Жамау ойлар жүк болып жаныңа шын.

Жүлденің ауылынан аса алмадың,

Осылай өз асыңнан қағыласың.

Айналайын Аспанбек өз мұңыңды,

Жасырып осы ортадан табыласың.

Қайтесің дінді бұнда сен тықпалап,

Жігіт ең талай жерде бағы басым.

Қонақпын деп өң меңді кере бердің,

Бетіңе мен айтайын оны да ашық.

Қонақты құрметтейтін халық едік,

Болғасын талайлардан бағы басым.

Аспанбек салт-дәстүрді білмеуші ме ең,

Бабаңыздан тараған қаныңа шын.

Жаңа айттым ғой қонақ қойдан жуас болады,

Бұл да бір сөз емес пе бағы басым.

Әрине біз өзіңді сыйлаймыз ғой,

Өлеңнің уызына жарығасын.

Әйтпесе ағайындар шамамыз бар,

Күйеудің шешетіндей шаруасын.

Сыйлағанды білмесең айналайын,

Бұл сенің азаматтық арыңа сын.

Аспанбек саған мен бір ақыл айтам,

Көңіліңе құйып алғын оны да шын.

Қолың көтере алмайтын шоқпарды сен,

Беліңе байлап босқа неғыласың?!

Ау жапалақ жем іздейді жар басында,

Қыран құс ұя салар тау басында.

Қырандай тектілік пен шыңнан қарап,

Бұл балаң елдің жайын толғасын да.

Облысқа 80 жыл деп жатырмыз,

Танымымыз таяздау болғасын ба?!

Түбімізді танымай өзіміздің,

Тарихымыз аяналды шаң басуға.

Облыс орталығы шымшаһардың,

Тарихы терең кеткен 10 ғасырға.

Толқынға мың жайылып қайта тұрдың,

Толқыған дәуірлердің арнасында.

Жылдар зулап, ғасырлар көзден ұшып,

тіршілік тоқтамастан жалғасуда.

Шымқалам қызыл империя кезінде де,

Жарқылдап ұқсағансың сен жасынға.

Дұшпанымның қадалдың кеудесіне,

Оқ боп зулап айналып қорғасынға.

Шаһардың мың жылдығы деп той қылсақ,

Тағылымды болар ма еді сол расында.

Елдіктің үлгісіндей абыз қалам,

Ерлігің аңыз болар сан ғасырға.

Тарихы тереңдегі шаһарлардың,

Өйткені өзің тұрсың төр басында.

Барлығың елім дейтін ұлансыңдар,

Қол жетпес шыңға біткен шынарсыңдар.

Тепкен кезде топшысы темір үзер,

Қанатымен бұлт тілген қырансыңдар.

Сөйте тұра білмеймін неге ғана,

Бізге кеп өкпе айтуға құмарсыңдар,

Оңтүстік қазақтықтың қаймағы ғой,

Осыны сендер қашан ұғарсыңдар,

Астана мен кейінгі Алматыдан,

Шымкент үшінші қала деп баға берген,

Патшаға қалай қарсы тұрарсыңдар.

Егер бұған наразы боп жатсаңдар,

Ойласып бір амалын қыларсыңдар.

Шымкентті неге үйтің деп менен емес,

Елбасының өзінен сұрарсыңдар.

Аспанбек Шұғатаев:

Абыройын болмайық төккен шелек,

Көңіліне дей алман көктем себеп.

Біз бағана жүріп ек бауырым деп,

Бәрі далада қалды өткенше деп.

Жүлде деп ед алдың ғой жағамыздан,

Ит достығы суйекке жеткенше деп.

Өлең – теңіз, ал сөзің аққу еді,

Тіліңнің қайда кеткен тәттілері?!

Ауылыңда отырсың кеуде керіп,

Қадамыңның бұл емес сәтті жері.

Жүлде алам деп барлығын ұмыттың ғой,

Демеймін бұдан басқа бақ -дүниені.

Атам қазақ айтпаған тектен-текке,

Күркесі жақын күшік қатты үреді.