Жылдың патриоттары марапатталды

348

Оңтүстіктің патриоттары құрметке бөленді. Жыл бойы өңірдің дамуы мен үздіктер сапынан табылуына үлес қосқан жастар марапатталды. Мерекелік шарада олардың ерен еңбегі мен атқарған жемісті жұмыстары айрықша атап өтілді.

"Жыл патриоты - 2014"
«Жыл патриоты – 2014» шарасы

Сый-тартулар, арнайы алғыс хат, ақ тілек-құттықтаулар. Мұндай құрметтің барлығы да жас патриоттарға арналды. Қорытынды шарада «Шығармашыл жеңіс» номинациясы бүгінге дейін республикалық, қала берді халықаралық айтыс аламанында 20-дан астам бас жүлдені жеңіп алған Біржан Байтуовқа берілді.

Сый-тартуларға қазынадан 1 млн.800 мың теңге қаржы қаралған
Сый-тартуларға қазынадан 1 млн. 800 мың теңге бөлінген

Біржан Байтуов, «Шығармашыл жеңіс» номинациясының иегері: «Өте қуаныштымын, себебі қаншама жас таланттардың арасынан мені осы сыйға лайық деп тапты. Рахмет! Биыл 2 бірдей халықаралық айтыстың бас жүлдесін алдым. Жуырда Астана қаласында өтетін жылдың ең басты айтысы – «Алтын домбыраға» шақырту алдым. Дайындалып жатырмын. Алла қаласа, сол додада да Оңтүстіктің намысын бермей, бірінші жүлдені алуға тырысамын».

"Жыл патриоты" 2010 жылдан бастау алған
«Жыл патриоты» жобасы 2010 жылдан бері өткізіліп келеді

«Жыл патриоты» марапаты 2010 жылдан бері қолға алынған. 4 жылдан бері түрлі саладағы патриоттар мен іскер, талантты жастар осы мәртебеге ие болып келеді. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, биылғы марапатқа 50-ден астам жастың есімі ұсынылған. Бірақ арнайы комиссия оның 15-ін ғана лайық деп тапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Kes7AvxeBJs[/youtube]

Ерлан Айтбаев, облыстық «Жастар орталығы» МКМ директоры: «Биылғы марапаттың ерекшелігі – «Табысты жас қазақстандық» аталымы «Жыл патриоты» деп өзгертілді. Тағы өзгерген тұсы – әнші, биші немесе басқа емес, нақты осы 2014 жылы ерлік көрсеткендер, жалпы өзінің саласында үздік болғандар ғана марапатталып жатыр».

15 жас марапатталды
Барлығы 15 жас марапатталды

«Жыл патриоты-2014» шарасы мерекелік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, жастардың сый-таруларына қазынадан 1 млн. 800 мың теңге бөлініпті.