Жерлестеріміз «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды

621

Биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына Түркістан облысыан 3 талантты жас ие болды. Өзгелерден оқ бойы оза шапқан дарындар осылайша күнгейдің мерейін асырды.

Мерейлі марапатқа ие болғандардың қатарында «Көк тудың желбірегені» тақырыбымен өткен республикалық жас ақындар айтысының жеңімпазы Біржан Байтуов, бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, «Айғақ» телеарнасының тілшісі Салтанат Тойболова бар.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері түрлі саладағы әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты 10 номинация бойынша беріліп келеді. Оған осы уақыт аралағында 200-ден аса талантты жастар ие болды.

Биылғы жылғы 20 жеңімпазға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және әр номинация бойынша 600 000 теңге ақшалай сыйақы тапсырылды.