Валюта айырбастау, ақша аударымы, коммуналдық шығын төлемдері, клиенттің несие бойынша түрлі талаптары. Мұның барлығы –“Цеснабанктің” клиенттеріне қолжетімді. Бүгін аталған банктің жаңа қызмет көрсету ортылығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айрықша мерекені атап өтуге келген қонақтардың қарасы қалың болды.
Асан Садықов, «Цеснабанк» АҚ ОҚФ директорының орынбасары: “Ия, бүгін бізде айрықша той болып отыр. Анығырақ айтсам, биыл «Цеснабанк» -қа 20 жыл толып отыр. Ал бұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 3-ші филиал. Жақын күндері тағы бір қызмет орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бүгінгі ашылып отырған банк филиалының облысымыздағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметіне арналып отырғанын да да айтқым келеді. Себебі, студенттері мен оқытушылары біздің банктің тұрақты клиенттері. Әрдайым біздің қызметімізді қолданады. Сонымен қоса біздің банк қызмет көрсету орталығы жоғарғы дәрежедегі қызметті ұсынудан жалықпайтын болады. Бұл бөлімше көпшіліктің сұранысын қолжетімді ету үшін арннайы ашылып отыр”.
Қаламыздағы 20 мың студенті бар ең ірі жоғарғы оқу орны – «Цесна банктің» клиенті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы банктің жаңа бөлімінің ашылғанына қуанып отыр. Студенттер мен мұғалімдерге қолайлы болғаны үшін. Енді студенттер алысқа бармай-ақ шәкірақысын алып, оқу төлемақысын төлей алады.
Дәурен Тағыбаев, ОҚМУ проректоры: “Ең бірінші “Цеснабанктің” бүгінгі қуанышымен, сондай-ақ 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтағым келіп отыр. Ғұмыры ұзақ болғай және клиенттеріне сапалы қызметін ұсынады деп сенеміз. Бүгінгі күні біздің университетте “Цеснабанктің” 6 банкоматы бар. Жоғарғы сапамен жұмыс істеп келеді. Студентеріміз шәкірақысын ал ұстаздарымыз жалақыны осы банкоматтар арқылы алып жүр. Сондықтан, бүгінгі ашылып отырған банк бөлімшесі де біздің университетке жақын орналасқан. Алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болатынымыз анық. Бұл банк арқылы біздің ұстаздар мен студенттер алысқа бармай-ақ жұмыстарын тез әрі тиімді тындырып келеді”.
Әмбебап банк қызмет көрсету орталығы кез келген клиенттің сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі мол. Бұл күні банкке келген халықтың саны көп болды. Бірақ Асылбек Тілеков — жаңа банк бөлімінің ең алғашқы клиенті. Ол Цеснабанктің қызметін 5 жылдан астам уақыт бойы қолданып келетінін айтады.
Асылбек Тілеков: “Менің жұмысымның жанынан “Цеснабанктің” бөлімшесі ашалғанына қуанып отырмын бүгін. Себебі, бұрындары өзге бөлімшелеріне барып ақша аудырмын мейлі өзге де қаржы шаруаларын тындыратынмын. Енді міне, жұмысымның жанынан ашылып отыр. Рахмет дейміз банк басшылығына. Халықтың қамын ойлап, орталықтан бөлімше ашып отыр. Жоғарғы сападағы қызметі бізге қатты ұнайды. Кез келген мәселені шешуге барынша тырысып бағады. Тез әрі жылдам. Біздің таптырмас көмекшіміз дер едім. Сондықтан бүгін жаңа қызмет көрсету орталығы ашылды дегенді ести сала, жүгіріп келдік. Қуанышын бөлісу үшін, әрине. Ұсынған қызметерін қолданып жатырмыз. Міне, “Цеснабанк” бізге қолайлы әрі ыңғайлы жағдайды жасаудан жалықпайды деп еркін айта аламын”.
Банк басшылығы жаңа бөлімінің жаңа жетістіктерге жеткізетініне кепіл болады деп үміттенеді. Сондықтан клиенттеріне жоғарғы қызметті ұсынуда . Айта өтейік, Цеснабанктің жаңа қызмет көрсету орталығы таңғы сағат 9-дан, кешкі 18-00-ге дейін, 9 сағаттық күн тәртібінде жұмыс жасайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oB8vGKM23Nw[/youtube]