Ресейден Қазақстанға ақша аударымы өскен

36

Ұлттық банктің хабарлауынша өткен жылы Қазақстанда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы көлемі 32,7%-ке өскен.

Олардың жалпы сомасы 1,8 триллион теңгені құрады. Операциялардың негізгі үлесін 94,7% Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары құрайды.
2022 жылы шетелге аударылған және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы шамамен бірдей: сәйкесінше 415 мың теңге және 413 мың теңге.
Сонымен қатар Қазақстаннан шетелге жөнелтілетін ақша аударымдары көлемінің 2,4%-ке шамалы ұлғаюы аясында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы басқа елдерден алынған ақша аударымдары көлемінің айтарлықтай (2,4 есе) өсуі байқалады.
2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы алынған ақша аударымдарының өсуі Ресейден (6,8 есе), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есе) және АҚШ-тан (33%-ке өсім) ақша аударымдары көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.
2022 жылы Қазақстанда да ақша аударымдарының көлемі 34,6%-ке артты. Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы бір жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес көрсеткішінен 58%-ке артық.