Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі білімді оқушыларға білім грантын ұсынды

 

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі білімді оқушыларға білім грантын ұсынды

Күзгі жапырақтан жасалған бейнелер, жемістен жасалған бұйымдар, күйген қағаздағы түрлі топтамалы көркем жапсырмалау. Мұндай таңғажайып туындылар Оңтүстік қазақстан педагогикалық колледжінде өткен көрмеде көпішілік назарына ұсынылды. №22 мектептің оқушылары бұл еңбектерін облыстың 80 жылдық құрметіне арнаған.

Олеся Лапина нағыз шебер! Ару тек өрнек салумен ғана шектелмейді, гипс орамынан ойыншықтар жасап, бояулармен әшекелейді. Бойжеткен бүгінгі көрмеде жаңа жиынтықтарын әкеліпті, болашақта қолөнер шығармасын өз атына тіркетпек. Бұл шаммен күйдірілген қағаз түсін өзгерткен соң, Олеся осыған тамаша туынды жасады.

Олеся Лапина: “Бұл менің ең сүйікті еңбектерім. Маған өте ұнайды. Осылай сүйікті жұмысыммен айналысу менің жанымды жадыратады. Бүгінгі көрмеде менің еңбектерім көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Бұл да болса менің шығармаларымның ерекше әрі тамаша екені болса керек. Достарым да маған болысып отырады, себебі олар менің болашағыма сенеді. Сондықтан менің де аянып қалмасым анық. Қолымнан келген туындыларды жасап, өз атыма дер кезінде тіркетпекпін. Келешекте бұл менің жасаған жұмыстарым деген кезде дәлелдердің болғаны дұрыс қой ”.

Көрме жеңімпазын жүлде күтеді, қазылар алқасы шығармашылық қабілеттілік, халық шығармашылығы, ұлттық ою-өрнек – шарттарына баса назар аударады. Айта өтейік, қазылар алқасы мен бірге бұл жұмыстарды Сайрам балалар үйінің тәрбиленушілер де бағалайды. Бұл балаларды педагогикалық колледж қуана қарса алады, білімін осы колледже жетілдіріп, болашақ мамандығын меңгеріп жүргендері жетерлік.

Бұл күні колледже көрмемен қатар қазақ тілінен олимпиада басталды. Сайысқа кез келген 9-11 сынып оқушысы қатысуға мүмкіндігі болған. Оқушыларға өңірдің 80 жылдығы құрметіне арнап шығарма, диктант жазып, жыр жолдарын оқып және сөйлемдерді марфологиялық және синтаксистік талдау жасауы міндеттелді.

Әбила Көздібаева, ОҚПК-нің аға әдіскері: «Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық колледжі –  бүгінде жастарға қолайлы әрі таптырмас жағдай жасап отыр. Яғни қазақ тілі мұғалімі пәнінен олимпиада өтікізіп, жеңімпаздарға білім грантын ұсынады. Ал жеңімпаз 3 оқушының қатарына енбеген білімді шәкірттер түрлі пайыздық жеңілдіктермен оқуға мүұмкіндік алады.Бүгінде түрлі мектептерден 100-ден астам оқушы талап білідіріп отыр. Сондықтан байқау тартысты өтетін түрі бар». 

Жеңімпаз 3 оқушының қатарында болуды Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектептің оқушысы Гүлмира Ерікбаева да армандайды. Бойжеткен олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр, байқауда қобалжыған ару шығарма жазу қиынға түскенін айтады.

Гүлмира Серікбаева, үміткер: «Мен өзімнің біліміме сенемін. Әрине, олимпиада шарттары оңай болып көрінгенімен, шығарма жазу өте қиын болды мен үшін. Алайда мектебімнің абыройы үшін барымды салдым. Мен ата-анам мен мұғалімдерімді ұятқа қалдырмаймын деген үміттемін. Мен осы колледждің білім грантын иеленгім келеді».  

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі көптеген ауқымды шаралар өткізуді әдетке айналдырған. Оқу орнының басшылығы осы жолмен ғана білімді жас толқынды тәрбилеуге болатынына сенімді.