Úı ANONS Грант иегерлерінің тізімі электронды түрде ұсынылады

Грант иегерлерінің тізімі электронды түрде ұсынылады

Sputniknews.kz

ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланатын болады», — делінген ҚР БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттарында немесе @testcenterBot телеграм боты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады. Тізімді жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, танысуға болады.