Қоғамдық тыңдаудың талқысы
Қоғамдық тыңдаудың талқысы

Бүгін халықтар достығы үйінде «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман халықпен кездесіп, қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынға табиғи монополияларды реттеу департаменті, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы мен қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің өкілдері қатысты.

Анарбек Орман халыққа берілетін судың тарифін төмендетуді ұсынды. Монополистің бұл ұсынысы көпшіліктің көңілінен шықты. Дегенмен, ендігі жерде қалық қауымды екі топқа бөлу қаралып отыр. Жұрттың бәріне біркелкі төлем жүргізу болмау тиіс деп есептейді серіктестік басшысы. Сондықтан диференциалды тарифті енгізу қарастырылды.

Бұған дейін қара суды қолданғандар жаппай бір бағамен төлемақы жүргізетін. Яғни әр текше метр үшін 40 теңге. Енді жаңа тариф бойынша 3 текше мтерге дейін су пайдаланғандар 1-ші топқа жатқызылып, олар 35 теңге 58 тиын төлейтін жағдай қарастырылуда. Ал айына 3 текше метрден артық пайдаланушылар 47 теңге 10 тиын төлесін деген ұсыныс айтылды. Бұл ұсынысты қолдағандар басым болды. Дегенмен, жаратпағандар да кездесті.

Қарапайым қауымның айына орта есеппен 3 текше метр су пайдаланатыны зерттелген. Ал автожуу, базар, моншасы бар кәсіпкерлер қолданғанына қарай қымбаттатылған бағада есеп айырысуы қарастырылды. Бұл жаңалық бірден көпшіліктің көңілінен шықты. Енді бұл мәселені 25-ші қараша күні табиғи монополияны реттеу департаменті қарастырып, шешім шығаратын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EXD_2CMUUUA[/youtube]