Тұтынған жылуға тариф қалай есептеледі?

52

Габдрашид Имбергенов қаңтар айына келген коммуналдық төлем түбіртегін алғаннан бері мазасыз.

Зейнеткер неліктен жылуға әр айда түрлі сома есептеледі дейді. Желтоқсан айында тұтынған жылуға 7 мың теңге келгенде ол шыдамай «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барған екен.

Габдрашид Имбергенов, қала тұрғыны: «Қараша айында жылуға 5 мың 800 теңге төледім. Ал жылдың соңында 7 мың теңге есептеліпті. Осы мәселемен жылуберуші мекемеге барғанда, мамандар бізде қала әкімінің қаулысы бар, онда тұтынған жылу бойынша тарифтер бес айға бөлінген. Сондықтан, әр айдағы сырттағы ауа райына байланысты тариф те өзгереді деді. Қазір енді қаңтар айында 8 мың 936 теңге төлеймін».

Мәселенің мән-жайын «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандары талдап берді. Айтуларынша тұтынған жылуға қатысты дифференциалды тариф 2018 жылы қала әкімінің қаулысымен бекітілген екен. Шымкентте жылуға тариф 2018 жылдан бері көтерлмеген
Айдарбек Калдыкозов, «Қуатжылуорталық-3» МКК директорының орынбасары: «Шымкентте жылу беру  маусымы  143 күнге созылады. Сондықтан да, дифференциалды  тариф қолданылады, 5 айға бөлінген. Мәселен, қазан, қараша, наурыз айларында тариф төмендеу болса,  суық кезде қаңтар, желтоқсан мен ақпанда  тариф біршама жоғары».

Айта кететін жәйт, синоптиктер алдағы күндері күн суытып, түнде аяз болады деген болжам жасауда. Ол бойынша Төтеншеліктер дауылды ескерту де таратыпты.

2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымында, қаңтар айында тұтынған жылуға бір шаршы метріне 107 теңге есептеледі. Былтырғы жылу маусымында ауа райының жылы болуына байланысты 38 млн. көлемінде тұтынушыларға қаржы қайтарылса, 2020 жылы 42 млн. теңге қайтарылған.

Шынар Оразова