ВИЧ-пен өмір сүруші балалар мен олардың ата-аналары өз мәселесін ашық айтуы тиіс

311
Мұғалімдер арасындағы семинар-тренинг рольдік сипатта өтті

 

Мұғалімдер арасындағы семинар-тренинг рольдік сипатта өтті

ВИЧ-пен өмір сүруші балалар мен олардың ата-аналары өз мәселесін ашық айтуы тиіс. Сонда ғана оларды қоғамнан шеттеттілу тыйылуы мүмкін. Сайрам ауданында арнайы ұйымдастырылған семинар-тренингте 21-ғасырдың дертіне ұшыраған ұлы бар ата-ана осылай мәлімдеді.

Естеріңізде болса, өткен аптада Шымкенттегі жалпы орта мектептердің біріндегі оқушыға медбике білместіктен туберкулезге қарсы вакцина жасалған болатын. Қазір ағзасында вирусы бар баланың денсаулығы жақсы.

Қанат Әлсейітов, ата-ана: «Мен өзіме де, түрлі қоғамдық бірлестіктерге де қазірзгі жұмысымызға екі деген баға қояр едім. Өйткені, жыл сайын жүздеген семинар, оқулар өткіздік деп жар саламыз. Ал шын мәнінде не өзгерте алдық. Оңтүстікте 200 бала ВИЧ індетін жұқтырған. Бірақ, жалғыз мен ғана қоғамға «ашықпын». 2006, 2008 жылдары барлығы осы СПИД жайында айтақнда бірнеше ата-ана ашық еді жасырынбайтын Қазір олар қайда? Міне, жұмысымыздың нәтижесі».

Ал «Ана мен бала» ұйымы ұйымдастырған семинар-тренинг мұғалім, ата-ана, оқушы деп бөлінген 3 топқа жекелей жүргізілді. Мұндағы мақсат — дұрыс ақпарат беру, дертке ұшыраған жандардың да біз секілді қоғам мүшесі екенін есте сақтау.

Түймегүл Тасыбаева, №9 мектептің педагог-психологы: «Мен осындай семинарлардың көптеп болғанын қалаймын. Дертке ұшыраған балалармен қалай жұмыс жасау қажет, оларға керек кезінде қалай көмектесу керектігі жайында көп мағлұмат алдым. Осыдан соң, мұндай тренингтердің қажаттігін түсіндім».

АИТВ балалары бар ата-аналар мемлекет қолдап өткізген кезекті шеберлік сабақтары мен тренингтерді күтпей ақ өздері белсенділік танытуды ұйғарды. Енді Қанат Әлсеитов қоғамға өзі үн қатпақ. Ол екінші сынып оқитын баласы екеуі ВИЧ-тің айнала қоршаған адамдарға қауіпсіз екендігін жеткізбек.