Қаланың құрметті азаматтарына аллея қажет пе?

208
Аллея 10 жылдан бері жөндеу көрмеді
Аллея 10 жылдан бері жөндеу көрмеді

Шымкенттің құрметті азаматы атағын 83-ші адам алды. Қалалық мәслихаттың депутаттары бірауыздан бұл атаққа үміткер Әбдухадыр Мұстафаны лайық деп танып, шахар басшыcsна ұсыныс берді. Тыныбаев көшесінің бойындағы бұл аллеяның салынғанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Содан бері жөндеу көрмеген.

Сондай-ақ құрметті азаматардың есімдері жазылған тақтайшалар толықтырылмаған. Тіпті қараусыз қалды десе болады. Өздеріне деген көзқарастың төмендігін байқаған азаматтар шағымдарын депутаттарға жеткізіпті. Арасында мәртебесіз атақтың қажеті жоқ, бас тартам дегендер де табылған.

құрметті азаматтарға арналған аллея қараусыз қалды

Аллеяны жаңартып қайта құруға осы сауалды көтерген депутаттар 20 млн теңге қажет дейді. Алайда, қала басшысы оныменен келіспеген сыңай танытып, жыл сайын бірнеше азамат осындай атақ алады. Олардың бәріне ескерткіш қоя берсек жер тапай қалмаймыз ба, онсыз да қалада аллея жеткілікті дейді.

Қорыта айтқанда, бұл сауал ашық күйінде қалды. Ескерілмей қалғандардың есімдері тақтайшаға жазылып, арнайы мәртебе беріле ма ол да белгісіз. Есесіне бюджетте орын алған өзгерістерге сай қаржының қомақты бөлігі 72 млн теңге Орталық саябақты көгалдандыруға бөлінді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r-kSeuPeeUI[/youtube]