Оңтүстік Казақстанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін шамамен кешкі сағат 19:00-де Сайрам ауданында ұшақ апатқа ұшырады деген хабарлама келіп жетті. «Отырар TV» телеарнасының тілшілеры оқиға болған жерге дер уақытында жетіпті.

Оқиға орнына жеткенімізде білгеніміз, Ибрагимов көшесінде «Ан-72» ұшағы тұрғын үйлердің қасына құлап түскен екен.

Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде «Астана-Шымкент» бағытындағы ұшақ бортында экипаждың 7 мүшесі және 20 әскери қызметші болған. Осы уакытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

АН-72