Шымкентте бүгін таңертең көлік өртенді. Оқиға таңғы сағат 7:10-да Тұран ауданына қарасты Республика даңғылында болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көліктің ішінде газ-ауа қоспасынан жарылыс болған.
Жүргізуші жеңіл күйік алды. Оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, оның жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, көлік газ баллон жүйесімен жабдықталған.
Өрт таңғы сағат 7:39-да ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері — екі көлік және 10 құтқарушы — оқиға орнына келді. Апаттар медицинасы орталығының тобы да жіберілді.







