Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы бос тұрған бір қабатты қойманың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды OTYRAR. Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді күш-жігерінің арқасында өрт тез арада ауыздықталып, сөндірілді, оның көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрт 114 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салды.







